Тыңдаушылар санаты:
Жалпы орта білім беру мұғалімдері
Курстың мақсаты
Біліктілікті арттыру бағдарламасының мақсаты Математика пәні мұғалімдерінің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану және күрделі міндеттерді шешу әдістемесін зерделеу бойынша педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады.
Курстың міндеттері
Бағдарламаның міндеттері:
1) Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогтердің қызметін нормативтік-заңнамалық актілермен бекітілген Нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді зерделеу;
2) Білім алушылардың зерттеу әдістерін пайдалану дағдыларын жетілдіру;
3) Б. Блум таксономиясы негізінде пән бойынша сараланған тапсырмалар құрастыру дағдыларын жетілдіру;
4) Пән бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін тапсырмалар құрастыру дағдыларын жетілдіру;
Білім беру үдерісін ұйымдастыру, формалары мен әдістері, нәтижелерді бағалау
1) біліктілікті арттыру курстары: оқу-тақырыптық жоспардың №1, №2 қосымшасына сәйкес күндізгі,қашықтықтан ұйымдастырылады.
2) курс барысында оқытудың әртүрлі формалары мен әдістері қолданылады: үлестірме материалдар, дәрістер, презентациялар, бейнесабақтар, кеңестер, тыңдаушыларды өз бетінше оқыту.
Күндізгі және қашықтықтан оқыту курстарының ұзақтығы 80 сағатты құрайды. Күндізгі және қашықтықтан бір апталық курсты ұйымдастырған кезде УТП-дағы сағат саны 2 есе қысқарады.
Білім беру процесі оқытудың интерактивті формалары мен әдістеріне негізделген. Дәрістер, практикалық сабақтар, топтардағы жұмыс, топтық тренинг, нақты білім беру практикасынан кейстерді бірлесіп талдау, дөңгелек үстел қарастырылған.
Қашықтықтан оқытуда бейнесабақтар, вебинарлар, онлайн-форум, онлайн-кеңестер, ZOOM платформасында жаттықтырушымен бірге топта курстан өту қарастырылған.
3) білім беру процесін ұйымдастыру кезінде курстың соңғы күнінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында: өзіндік жұмыс және тестілеу өткізіледі.
4) тыңдаушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеру параметрлері мен бағалау өлшемдерін профессорлық – оқытушылық құрам әзірлейді.